Басты бет - Жаңалықтар
"Жарқын елдің болашағы-жас маман" тақырыбында биылғы бітіретін топ студенттерімен тренинг
25.03.22. күні оқытушы Жангаков Саламат Базарханұлының ұйымдастыруымен "Жарқын елдің болашағы-жас маман" тақырыбында биылғы бітіретін Бастауыш білім беру мамандығында оқитын студенттерімен тренинг өткізілді. Болашақ жас мамандардың яғни, болашақ ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеру, кәсіби жанудың алдын алу, болашақ жас мамандарға алдағы жұмыс барысындағы өздерін ұстау мәдениеттеріне кеңестер беріп, бағыт-бағдар көрсету. Ең бастысы өздерін нағыз ұстаз ретінде ұстап, ұстаз деген ұлы ұғымды абыроймен алып жүруге көмектесу, өздеріне құрметпен қарауды үйретіп, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтайды. Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз. Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!
Поздравляем студента 2-го курса специальности «Физическая культура и спорт» Калинина Илью с победой на международном турнире по боксу в г.Актобе (1 место)! Благодаря изнуряющим тренировкам, воле и характеру достигается успех. Миг победы – короткая передышка перед новым стартом. Пусть энергия этих мгновений успеха зарядит тебя позитивом и даст толчок к новым свершениям. Не останавливайся на достигнутом, совершенствуйся, никогда не падай духом и всегда верь в свои силы. Молодчина, так держать!