Колледждің ішкі тәртіп ережесі
- Колледждің ішкі тәртіп Ережесі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және колледж Жарғысына толық сәйкестендіріліп жасалынды.
- «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінің Ішкі тәртіп ережесінің мақсаты: тәртіпті нығайтумен қатар, оқу-білім үрдісінің демократиялығы мен ізгілендірілуін қамтамасыз ету; оқу және тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру.
- Оқу жылы 1 – қыркүйектен басталады.
- Сабақ екі ауысымда жүреді. Сабақтың басталуы: 1 ауысым – сағат 8.30-да 2 ауысым – сағат 13.00-да
- Оқу үрдісі оқу кесетесі үрдісінің негізінде іске асырылады, оқу сағатының ұзақтығы 80 минут
- Оқытушылар мен білімгерлер сабаққа дайындалу және оқу кабинетін сабаққа даярлау үшін 15 минут бұрын келеді.
- Оқу ғимаратындағы жалпы тәртіпке кезекші әкімшілік, оқытушылар жауап береді, кабинет тазалығы топ жетекшісіне және топтағы кезекші білімгерге жүктеледі.
- Колледжде болған уақытында әр білімгер өз киімі және жеке мүлкі үшін жауапкершілікті өзіне алады.
Білімгерлердің негізгі құқықтары
- ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сай білім алуға;
- келісім бойынша ақылы қосымша білім беру қызметтерін пайдалануға;
- өзінің адамдық қадір-қасиеттерін сақтауға, ар ұждан мен ақпараттық еркіндікке, жеке көзқарастары мен ой пікірлерін білдіруге;
- колледждің қызметіне қатысты маңызды мәселелерді талқылау мен шешуге, оның ішінде қоғамдық білімгерлік ұйымдар мен колледж әкімшілігі арқылы;
- ақпараттық қорлар, сондай-ақ білім беру, медициналық, өзге де құрылымдардың қызметтерін ақысыз пайдалануға;
- барлық шығармашылық жобалардың түрлеріне, ғылыми-зерттеу жұмыстары, конференциялар, жиналыстар, байқаулар мен фестивальдарға қатыса алады. Жұмыстарын түрлі мерзімді баспаларға, сондай-ақ колледждің де баспаларына жіберуге құқылы.
Білімгерлердің негізгі міндеттері
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында бекітілген міндеттерді орындауға;
- мамандығы бойынша теориялық және тәжірибелік білім мен білікті терең меңгеруге;
- оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қарастырылған тапсырмалардың барлық түрлерін уақытылы орындауға;
- ішкі тәртіп Ережесін сақтауға, тәртіпті болуға;
- сабақтан себепсіз қалмауға және кешікпеуге(ҚР «Әкімшілік құқық бұзу туралы» кодексінің «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру жөніндегі міндеттерді орындамау» 127 бабына сәйкес, 10 күннен артық сабақты себепсіз босатқан білімгер жөнінде құқық қорғау қызметкерлеріне өтініш жолданатын болады
- колледжге талап қойылған формада келуге (ер балалар ақ көйлек, қара түсті классикалық үлгідегі шалбар, классикалық шаш үлгісі; қыздар ақ кофта, тізеден төмен түсетін белдемше, классикалық модельді алмастыратын биік өкшелі емес аяқ киім, колледж формасына діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға тыйым салынады)
- сабақ барысын бұзуға, аудиторияға оқытушының рұқсатынсыз кіріп шығуға;
- колледж мүлігін сақтауға, жабдықтар мен техникаларды нәтижелі пайдалануға;
- келісім шарт негізінде оқу ақысын уақытылы төлеуге (ақылы түрде оқитын топтар).
Топ старостасының қызметіне кіреді:
- білімгердің сабаққа келмегені және кешіккені жөнінде себептерін көрсетумен топ жетекшісіне, тәрбие бөліміне күнделікті мәлімдеме беру;
- сабақ кестесіне диспетчер енгізген өзгерістер туралы білімгерлерге хабарлау;
- топта кезек тәртібімен күнделікті кезекші білімгерді тағайындау
Білімгерлерге тыйым салынады:
- колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз колледж аумағынан тыс жерге кетуіне;
- колледжде спирттік ішімдік ішуге, есірткі және уландыратын заттарды қолдануға, оларды таратуға, оқу корпусының кіре берісінде, әжетханада шылым шегуге (заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндк айыппұл), түкіруге, құқыққа қарсы әрекеттер жасауға;
- колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз іс-шараларға (митингілер, шерулер, ереуілдер және т.б.) қатысуға;
- діни киімдер киюге;
- әдепсіз сөздерді айтуға;
- қатты, дөрекі сөйлеуге, шулауға, музыка тыңдауға, сабақ барысында дәлізде жүруге;
- сабақ уақытында сыртқы киіммен және бас киіммен кіруге;
- кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуға (ҚР Әкімшілік кодексінің 442-бабы)
- бағасы қымбат ұялы телефондарды, планшеттерді және басқа да бағалы заттарды колледжге алып келуіне
Оқудағы табыстары үшін мадақтау
- жақсы үлгерімі, үлгілі тәртібі, колледждің қоғамдық өміріне белсенді араласқаны үшін білімгерлерге келесі мадақтаулар қолданылады:
- алғыс жариялау;
- сыйақы беру;
- бағалы сыйлықпен марапаттау
- Мадақтау колледж директорының бұйрығымен жарияланады
Оқу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік
- Оқу тәртібін, ішкі тәртіп Ережелерін бұзғаны үшін білімгерлерге келесі тәртіптік шаралар қолданылады:
- ескерту;
- сөгіс;
- қатаң сөгіс;
- оқу орнынан шығару
- Жазалау қолданылғанға дейін білімгерден түсініктеме алынады. Білімгердің жазбаша түрде түсініктеме бермеуі тәртіптік жазадан босатпайды.