Басты бет - Жаңалықтар - «Санаға сәуле түсірген Желтоқсан»

«Санаға сәуле түсірген Желтоқсан»

Биылғы жыл – еліміз үшін ерекше жыл. Қас-қағым уақыт тәрізді, қанды жол, ауыр күндермен келген Тәуелсіздігімізге – 30 жыл, ал Желтоқсан оқиғасына – 35 жыл. Желтоқсан оқиғасы кезінде  қаншама жүрегі қазақ деп соққан бауырларымыздан айырылған күн екендігінде ұмытпағанымыз жөн.  Әрбір жүрегі қазақ деп соққан адамға белгілі ғой, қазақ еліне Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Ал бүгінгі Тәуелсіздігіміздің жаншысының бірегейі  осы – Желтоқсан оқиғасы. Елімізде қандай оқиға болса ел тарихында мәңгі сақталады. Тарихтың елеулі әрбір сәтін болашақ ұрпағымызға саналы түрде жеткізу біздің басты міндет.

1986 жылы 16 желтоқсан күні  Қазақстан КП Орталық Комитетінің бесінші Пленумы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевты қызметінен босатып, Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы еш хабары жоқ  Г.Колбин тағайындалды. Қазақстанда бір күн де жұмыс істемеген және есімі де елге белгісіз Геннадий Колбиннің тағайындалуы көтерілістің негізгі себебі болса да, көтеріліске шығудың басқа да, бірнеше себептері бар еді. Атап айтсақ намысты қазақ жастарымыз, ұлттық даму деңгейінің тежелуіне,  кеңестік салттың кеңінен дәріптелуіне, әміршіл-әкімшіл жүйенің күштеп басқаруына шыдай алмады. Болып жатқан окиғалардың әсері, қазақ жастарының козғалыс ашуына түрткі болды.

Осыған орай Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында колледжімізде апталық іс- шаралар өткізілді. Іс-шараның негізгі жоспары:

  • 12.2021ж. Апталықтың ашылуы
  • 12.2021ж. Тәрбие сағаты «Тәуелсіздік таң нұры»
  • 12.2021ж. «Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры»(мәнерлеп оқу байқауы)
  • 12.2021ж. Тәуелсіздік тақырыбында эссе жазу
  • 12.2021ж. Апталықты қорытындылау «Санаға сәуле түсірген Желтоқсан» әдеби сазды кеш

Апталыққа колледжіміздің студенттері белсене ат салысып, өз өнерлерін көрсетті.

  • «Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры» мәнерлеп оқу байқауына 1 курс студенттері белсене қатысты. Байқау қорытындысы апталық соңында өтілген әдеби сазды кеште марапатталды.
  • «Желтоқсан желі ызғарлы» тақырыбында эссе жазу өтілді. Эссе жазу барысында студенттерге Желтоқсан оқиғасы жайлы шағын видеоролик көрсетілді.
  • Студенттер қаламыздың «MART»сауда және ойын-сауық орталығында флешмоб ұйымдастырды.
  • Апта соңында ДШВ-21-2 оқу тобының студенттері «Санаға сәуле түсірген Желтоқсан» атты әдеби -сазды кеш өткізді.  Желтоқсан оқиғасынан үзінділер көрсетіліп, Тәуелсіздікке байланысты сұрақ- жауап ойындары болды.

Мұхтар Шаханов бір сұхбатында: «Желтоқсан рухы шын мәнінде біздің ұлтымыздың рухани шыңдалуы. Сондықтан, біздің  бүгінгі таңдағы басты міндет  – Желтоқсан рухын қолдау, насихаттау», – деген екен. Сонымен осы сөздермен қорытындылай, біз Желтоқсан оқиғасын  – 70 жылдық әміршіл-әкімшіл Кеңестік жүйеден кейін, Қазақстанның қайта түлеуінің бастауы деп атап көрсете аламыз. Желтоқсан оқиғасы – ұлт санасынан өшпейтін, Тәуелсіздіктің алғашқы қадамы болып қала бермек!