Басты бет - Жаңалықтар

Жаңалықтар

Кұрметті "Тараз гуманитарлық және техникалық колледжінің”устаздары, Сіздер жас ұрпақтын санасына сыналай енгізетін тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер - жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады -
дей отыра барлық ұстаздар қауымын кұттықтаймыз!🌷✨

 

Бүгін ата жолын жалғап келе жатқан асқақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің келіп жеткен мерекесі.

Осы орайда Тараз гуманитарлық техникалық колледжінің бір топ білімгерлері М.Әуезов кітапханасына барып,'Қарттарым- асыл қазынам" деген тақырыпта өткен іс-шараға қатысты.

Білімгерлер мерекеге арнайы шақырылған қонақтармен сұхбаттасып, сұрақтарын қойды.

Кітапхананың тұрақты оқырмандары: Заипова Майко апа, Қожамқұлов Қуантай аталар өмірден көрген,білгендерін әңгімелеп,жасұрпаққа салауатты өмір сүріп,ар,ұятын сақтап,абырой,беделге ие болу жолы, адал еңбек екенін айтты.

Ал,жалындаған жастар қарияларға ән айтып,өлең оқып берді.

Студенттер үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету - ата-бабадан келе жатқан қасиет-салт екенін біліп,әрдайым есте сақтап жүреді.

Ия,қарттары бар ел - қазыналы ел дегендей,өнегелі қарияларымыздың саналы ғұмыры колледж студенттерінің үлгі тұтар тұлғалары болып қала бермек.

Ендеше, көпті көрген асыл қарттарымыз бақытты күн кешіп, қай кезде де халқына - сүйеу, жұртына қамқор боп, жүздерінен қуаныш пен күлкі кетпей, балалары мен немерелерінің қызығып көріп, аман-сау күн кешкей.

Ал біз қолымыздағы алтынымыздың, еш байлыққа тең келмейтін асылдарымыздың қадірін біліп, олардың барына шүкіршілік етейік. "Атасыз үй - батасыз, ал анасыз үй - панасыз" дейді қазақ. Осы күйге түсуден сақтасын бізді!

Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінде студенттер арасында әлеуметтік желіліерде жасөспірімдердің өміріне қауіп төндіретін түрлі ойындардың балалардың денсаулығына әсері және нәтижесінде туындайтын аутодеструктивті мінез-құлық туралы түсіндірме жұмыстары мен тренинг өткізілді.

Тәрбиешілер бабалар сөзін жадына түйіп қайтты

ТГТК колледжінің НО-23-1 білімгерлері М. Әуезов атындағы рухани орда қызметкерлері ұйымдастырған

" Ұлттың үш сөзін білесің бе" деген тақырыптағы іс-шараға қатысты.

Бұл іс-шараның ерекшелігі қаламыздағы Анаға тағзым орталығында өткендігімен ғана емес, ақ кимешек киген ару аналарымыз бен орталық қызметкерлерінің тәлімді әңгімелерімен артық болды.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері , бастарына кимешек орап, ұлттық киім үлгісінде келген әжелермен салт-дәстүр, өнер, мәдениет жайында сұхбаттасып, пікір алмасты.

40 жыл білім саласында еңбек еткен Тоқсейітова Жаңыл мен бүгінде жеті немере тәрбиелеп отырған тамаша тағдыр иесі, он саусағынан өнері тамған тігінші, Рысбаева Күміскүл әжелердің өмір жолымен танысып, тәлімді әңгімелерін тыңдады .

Кездесу барысында қыздар әртүрлі сұрақтарын қойып, аруаналар тарапынан тұщымды жауаптарын алды.

Обал, сауап, ұят, ар, жамандық пен жақсылық жайында өрбіген әңменің болашақ тәрбиешілерге бергені көп болды.

Кездесу соңында Асыл ана ансамбілінің мүшелері, қос әнші ән салып, өздерін ерекше қырларымен танытып, жас ұрпаққа өрелі өнерін паш етті.

Осылайша, ұлттық ән әуенінің құдіретін сезіне алған жас тәрбиешілер асыл аналардың бойындағы көркем қасиеттеріне тәнті болып, тағлымды таным алып, бабалар сөзін жадына түйіп қайтты.

Орталықтағы тегін үйірмелердің бар екенін біліп, қызығушылық танытты.

Кітапханашылар ұсынған кітаптармен танысып, рухани тәлім алды.

 

Жұмысшы мамандығында оқитын білімгерлер тіл мерекесіне қатысты.

' Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте' деген қағиданы берік ұстанатын ТГТК -нің ЭЛ-24-2 тобының 1 курс білімгері Қалдыбек Мадияр студенттік күндерінің алғашқы аптасынан-ақ, қоғамдық жұмысқа қатысып, белсенділік танытты.

Тіл мерекесіне колледждің өзге топ білімгерлері де барып, тіл туралы ой, пікірлерін еркін айтып, мәнерлеп өлең оқыды.
- Біздің ТГТК колледжінің негізгі бағыты жұмысшы мамандықтарын даярлау болғаныменде, тәрбие саласында болашақ еліміздің рухани бай, адамгершілігі жоғары кемел азаматтарын қалыптастыру мақсатында жан-жақты жұмыстар жасап отырмыз.
Соның бірі, білімгерлеріміздің рухани орда ошағы кітапханаға жиі баруын ұйымдастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауын жариялады. Дәстүрлі түрде оқу жылының басында жарияланатын жолдау кезінде мемлекет басшысы экономика, денсаулық, білім жане тағы басқа салалар бойынша негізгі мәселелерге
тоқталып, дамудың басымды бағыттарын айқындады.