Басты бет - Жаңалықтар
Біздің студенттеріміз (түлектеріміз) табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі №1 компанияның қайтарымсыз грантын ұтып ала алады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ білім беру гранттарын ұсынатын Murager әлеуметтік бағдарламасының басталғаны туралы хабарлайды. Бағдарлама талапкерлерді (11-сынып бітіретін мектеп түлектері), колледж түлектері 1,2,3 курс студенттерін қолдауға бағытталған. Техникалық мамандықтарға басымдық беріледі. Олардың тізімі және өзге де мәліметтер бағдарламаның ресми сайтында (https://murager.kazatomprom.kz) және @muragerprogramInstagram парақшасында жарияланған.
Murager бағдарламасы бойынша оқуды сәтті аяқтаған қатысушылар келесі оқу жылындада оқуын жалғастыруға мүмкіндік алады. Өтінімдер 2024 жылғы 14 тамызға дейін (Астана уақыты бойынша сағат 23.59-ға дейін) қабылданады.
«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ-ДАН УНИВЕРСИТЕТТЕ БІР ЖЫЛДЫҚ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ?
Егер сіз бұл сұраққа «иә» деп жауап берген болсаңыз, онда тағы 2 сұраққа жауап беруіңізді сұраймыз…
- Сіз 1,2,3 курс студентісіз бе немесе мектеп, колледж түлегісізбе? Оқу грантын алып үлгермедіңізбе?
- Сіз техникалық мамандықта оқисыз ба немесе таңдағыңыз келе ме?
Егер сіз 2 сұраққа да «иә» деп жауап берсеңіз, онда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Murager бағдарламасы арқасында бір жылдық грантты қалай ұтып алуға болатынытуралы толығырақ біліңіз.
Барлық мәліметті жобаның ресми сайты https://murager.kazatomprom.kz/ru және бағдарламаның @muragerprogram Instagram парақшасынан біле аласыз.
Егер сіз Murager бағдарламасына қатысуға өзіңізді лайықпын деп есептесеңіз, сайтқа кіріп, бағдарламаға қатысуға өтініш беруіңізге болады. Мерзімі: 2024 жылғы 22 мамырдан 14 тамызға(Астана уақыты бойынша 23.59-ға) дейін.
Іріктеу турларының нәтижесі бағдарламаның сайты мен Instagram парақшасында жарияланады.
Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінің мәжіліс залында оқытушылар мен студенттерге алдағы 5-ші маусымда өтетін "Референдум" туралы түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Қазақстанда 1997 жылдан бері жыл сайын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды. Ал, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ 31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады.
Жалпы, зерттеушілер деректеріне сүйенсек, 1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 125 мыңнан бастам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Осы қуғын сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь болған. Қазақстанда ГУЛаг-тың 20-дан астам лагері орналасқан.
Тәуелсіздік жылдары аралығында 146,5 мың күнәсіз жазғырылған отандасымыздың аттары жазылған 14 «Аза кітабы» жарыққа шықты. Заңнамаға сәйкес, 340 мыңнан астам заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар ақталды.
Қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау шаралары әлі де жалғасады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еске алу күніне орай жасаған үндеуінде «Кеңес заманында өмір сүрген халықтарға «үлкен террордың» орасан зор қасірет әкелгені есімізде. Зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды», - деп тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырды.
Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мирамкул Жайсановнаның ұйымдастыруымен "Саяси қуғын сүргін құрбаны - Ахмет Байтұрсынұлына -150 жыл" тақырыбында тәрбе сағаты өткізілді. Сонымен қатар, Тараз қаласы М.Әуезов атындағы кітапханасының қызметкерлері ақынның кітап көрмесін ұйымдастырды.
Бірінші курс студенттеріне "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" сабағында 2-күндік экскурсия жүргізілді.
Бірінші күнде 1-ші курстар, әскери бөлімшеге барып, сол жақтағы әскери құралдар мен солдаттар бөлмелері, асхана және әскери транспорттарды көріп, танысты.
Екінші күні, студенттер экскурсияны Жеңіс саябағындағы музейде жалғастырды. Бірінші қабаты дүниежүзілік тарихына, ал екінші қабаты Кеңес одағының батыры, жазушы және Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері Бауыржан Момышұлына арналған.
Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі 2022 жылдың 23-24 мамырында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Дене тәрбиесі және спорт», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі», «Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өтті. Тәуелсіз Қазақстандық Аккредиттеу орталығының сыртқы сараптау тобының құрамы: Сыртқы сараптау тобының жетекшісі Есмаханова Улжан Алибаевна - «М.Маметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғарғы колледжі» МКҚК «Мектепке дейінгі педагогика» ПЦК төрағасы, ССТ сарапшысы Бейсенбекова Гульжахан Токеновна «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» арнайы пәндер оқытушысы, ССТ сарапшысы Маханов Елдос Усипбаевич - «Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі» МКҚК «Дене тәрбиесі және спорт» арнайы пәндер оқытушысы, ССТ сарапшы-жұмыс берушісі Набатова Гаухар Туратбековна - “Әулие Ата Құрылыс Тараз" ЖШС персонал жөніндегі менеджер директорының орынбасары, ССТ сарапшы-студенті Алибоева Руза Алибойқызы «Тараз политехникалық колледжі» 4 курс білімгері. "Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі" білім беру ұйымының қызметін сырттай бағалау жөніндегі сараптамалық топ мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде білім беру ұйымының қызметі БҚҰК стандарттарына сәйкес келеді деп есептейді және Аккредиттеу Кеңесіне 5 жыл мерзімге "Тараз гуманитарлық-техникалық колледжін" аккредиттеу туралы шешім қабылдауды ұсынады.
7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні. Бұл тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке.
Осы мереке қарсаңында әскери борышын атқарып келген, «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының 4 курс студенті Сағатай Бауыржанмен кездесу өтті. Кездесу мақсаты, студенттеріміздің бойында патриоттық сезімін ояту және ел алдындағы әскери міндетін атқаруға шақыру. Егеменді еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйемізді бекем ұстап келе жатқан барлық Қазақстан азаматтарын алдағы кележатқан төл мерекелерімен құттықтаймыз!