Басты бет - Жаңалықтар - Біздің студенттеріміз (түлектеріміз) табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі №1 компанияның қайтарымсыз грантын ұтып ала алады.

Біздің студенттеріміз (түлектеріміз) табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі №1 компанияның қайтарымсыз грантын ұтып ала алады.

 

 

Біздің студенттеріміз (түлектеріміз) табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі №1 компанияның қайтарымсыз грантын ұтып ала алады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ білім беру гранттарын ұсынатын Murager әлеуметтік бағдарламасының басталғаны туралы хабарлайды. Бағдарлама талапкерлерді (11-сынып бітіретін мектеп түлектері), колледж түлектері 1,2,3 курс студенттерін қолдауға бағытталған. Техникалық мамандықтарға басымдық беріледі. Олардың тізімі және өзге де мәліметтер бағдарламаның ресми сайтында (https://murager.kazatomprom.kz) және @muragerprogramInstagram парақшасында жарияланған.

Murager бағдарламасы бойынша оқуды сәтті аяқтаған қатысушылар келесі оқу жылындада оқуын жалғастыруға мүмкіндік алады. Өтінімдер 2024 жылғы 14 тамызға дейін (Астана уақыты бойынша сағат 23.59-ға дейін) қабылданады.

 

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ-ДАН УНИВЕРСИТЕТТЕ БІР ЖЫЛДЫҚ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ?

 

Егер сіз бұл сұраққа «иә» деп жауап берген болсаңыз, онда тағы 2 сұраққа жауап беруіңізді сұраймыз…

 

  1. Сіз 1,2,3 курс студентісіз бе немесе мектеп, колледж түлегісізбе? Оқу грантын алып үлгермедіңізбе?
  2. Сіз техникалық мамандықта оқисыз ба немесе таңдағыңыз келе ме?

 

Егер сіз 2 сұраққа да «иә» деп жауап берсеңіз, онда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Murager бағдарламасы арқасында бір жылдық грантты қалай ұтып алуға болатынытуралы толығырақ біліңіз.

 

Барлық мәліметті жобаның ресми сайты https://murager.kazatomprom.kz/ru және бағдарламаның @muragerprogram Instagram парақшасынан біле аласыз.

 

Егер сіз Murager бағдарламасына қатысуға өзіңізді лайықпын деп есептесеңіз, сайтқа кіріп, бағдарламаға қатысуға өтініш беруіңізге болады. Мерзімі: 2024 жылғы 22 мамырдан 14 тамызға(Астана уақыты бойынша 23.59-ға) дейін.

 

Іріктеу турларының нәтижесі бағдарламаның сайты мен Instagram парақшасында жарияланады.