Басты бет - Жаңалықтар - ‘Менің Отаным- Қазақстан’

‘Менің Отаным- Қазақстан’

ТГТК -нің білімгерлері республика күні қарсаңында ‘Менің Отаным- Қазақстан’ тақырыбында өтілген іс-шараға қатысты.

М.Әуезов кітапханасы ұйымдастырған бұл дөңгелек үстелге

Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының

“Қоғамдық келісім’ КММ -сінің” көрме залының меңғерушісі Шілдебаева Жазира Мелдебекқызы және
‘Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі” республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы филиялының төрайымы Нақыш Фарида Фаридқызы арнайы шақыртылыпты.

Шара барысында ұлттық мереке болғандықтан алдымен әнұран айтылды.

Сонан соң, кітапханашы іс-шараның мақсатын айқындап, қонақтарды таныстырды

Алдымен сөз алған Ж.Шілдебаева білімгерлерге көрме залы туралы айтып берді.

Ары қарай қызықты әңгіме өрбіткен Фарида Нақышқызы тәуелсіздік тарихы жайлы толғанып, еліміздегі бейбіт өмірдің сақталуы осындай орталықтардағы атқарылып жатқан іс әректтедің нәтиежесі екендігін ерекше айқындап берді.

Сондай-ақ,өз сөзінде:

- Қазақстан атты бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқандықтан мен қазақтардың тіліне, дініні мен салт-дәстүріне құрметпен қараймын-деп,өз өмірі мен бірлестікте атқарылып жатқан жүмыстар жайында жан-жақты баяндап,мәнді әңгіме өрбітті .

Коледж білімгерлері башқұрт ұлтының ұлттық киім үлгісінде киініп келген ,өзге ұлт өкілінің қазақ тілінде еркін сөйлеп отырғанына қызығушылықпен қарап,өз тараптарынан әртүрлі сұрақтарын қойды.

Шара соңында студенттер республика күніне арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесімен тамашалап,әртүрлі шығармалардың негізгі мазмұнымен танысты.

Осылайша, тарихи маңызы зор бұл іс шараға қатысқан білімгерлер патриоттық тәрбие алып,ұлттық мерекенің мәнін терең түсініп қайтты.

Бүл да бір тәуелсіз еліміздің жастарын тәрбиелеудегі нақты қадам болды