Басты бет - Жаңалықтар - «Тәуелсіздік кепілі» тақырыбындағы кездесу
«Тәуелсіздік кепілі» тақырыбындағы кездесу
2022 жылдың басы Қазақ елімізде «Қасыретті қаңтар» атты тарих бетінде сақталатын қайғылы оқиға орын алды. Бейбіт күнде көкте желбірейтін көкбайрағымыз төмен түсті. Елі үшін туған ерлер азапталып, ажал құшты. Бейкүнә бүлдіршіндер қаза тапты. Баласын жоғалтқан ана, әкесін аңсаған бала, жарынан айырылған қаншама жан енді сағынышпен күн кешеді. Бұл күндері біз өз қайғымызбен жалғыз қалған жоқпыз. Еліміздің әр өңірі көңіл айтып, ортақтасты. Қолдау да білдірді. Сонымен қатар халық сабырлылықтан айырылмады, төзімді болды.
Тыныштық, бейбітшілік, амандық – кез-келген пенде үшін үлкен бақыт. Тыныштықты Құдай береді. Бірақ оны сақтау, қорғау үшін қоғамның барлық мүшелері бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жабыла жұмылуылары керек-ақ. Олай ету – біріншіден, әр адамның азаматтық борышы болса, екіншіден, сауапты іс. Бейбітшілікті, достықты, бірлік-берекені бірлесіп, біртұтас болып сақтауымыз керек. Сондықтан да жастар бірімізді біріміз бауыр тұтып, егеменді елімізді сүйіп, отбасымызды сүйіп, жүрегімізді мейірімге суарып, көңілімізді адалдықпен ақтап, салт-дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді, теңдесі жоқ Тәуелсіздігімізді сақтап,Қазақстан патриоттары болайық! Мәңгілік ел атанып, дініміз мен тіліміз салтанат құрып, берекелі де өркениетті елдер қатарында нық тұрарымыз айқын. Біз, Қазақстан халқы елдің тұтастығын, бірлігін сақтай отырып, мемлекетіміздің тыныштығын бұзуға жол бермейміз. Қазақстан - бір-тұтас отбасы.
Тараз гуманитарлық- техникалық колледжінің оқу үздігі – Мұратбек Ақнұр