Басты бет - Жаңалықтар
Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінің мәжіліс залында оқытушылар мен студенттерге алдағы 5-ші маусымда өтетін "Референдум" туралы түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Қазақстанда 1997 жылдан бері жыл сайын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды. Ал, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ 31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады.
Жалпы, зерттеушілер деректеріне сүйенсек, 1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 125 мыңнан бастам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Осы қуғын сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь болған. Қазақстанда ГУЛаг-тың 20-дан астам лагері орналасқан.
Тәуелсіздік жылдары аралығында 146,5 мың күнәсіз жазғырылған отандасымыздың аттары жазылған 14 «Аза кітабы» жарыққа шықты. Заңнамаға сәйкес, 340 мыңнан астам заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар ақталды.
Қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау шаралары әлі де жалғасады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еске алу күніне орай жасаған үндеуінде «Кеңес заманында өмір сүрген халықтарға «үлкен террордың» орасан зор қасірет әкелгені есімізде. Зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды», - деп тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырды.
Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мирамкул Жайсановнаның ұйымдастыруымен "Саяси қуғын сүргін құрбаны - Ахмет Байтұрсынұлына -150 жыл" тақырыбында тәрбе сағаты өткізілді. Сонымен қатар, Тараз қаласы М.Әуезов атындағы кітапханасының қызметкерлері ақынның кітап көрмесін ұйымдастырды.
Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі 2022 жылдың 23-24 мамырында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Дене тәрбиесі және спорт», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі», «Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өтті. Тәуелсіз Қазақстандық Аккредиттеу орталығының сыртқы сараптау тобының құрамы: Сыртқы сараптау тобының жетекшісі Есмаханова Улжан Алибаевна - «М.Маметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғарғы колледжі» МКҚК «Мектепке дейінгі педагогика» ПЦК төрағасы, ССТ сарапшысы Бейсенбекова Гульжахан Токеновна «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» арнайы пәндер оқытушысы, ССТ сарапшысы Маханов Елдос Усипбаевич - «Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі» МКҚК «Дене тәрбиесі және спорт» арнайы пәндер оқытушысы, ССТ сарапшы-жұмыс берушісі Набатова Гаухар Туратбековна - “Әулие Ата Құрылыс Тараз" ЖШС персонал жөніндегі менеджер директорының орынбасары, ССТ сарапшы-студенті Алибоева Руза Алибойқызы «Тараз политехникалық колледжі» 4 курс білімгері. "Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі" білім беру ұйымының қызметін сырттай бағалау жөніндегі сараптамалық топ мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде білім беру ұйымының қызметі БҚҰК стандарттарына сәйкес келеді деп есептейді және Аккредиттеу Кеңесіне 5 жыл мерзімге "Тараз гуманитарлық-техникалық колледжін" аккредиттеу туралы шешім қабылдауды ұсынады.
7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні. Бұл тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке.
Осы мереке қарсаңында әскери борышын атқарып келген, «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының 4 курс студенті Сағатай Бауыржанмен кездесу өтті. Кездесу мақсаты, студенттеріміздің бойында патриоттық сезімін ояту және ел алдындағы әскери міндетін атқаруға шақыру. Егеменді еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйемізді бекем ұстап келе жатқан барлық Қазақстан азаматтарын алдағы кележатқан төл мерекелерімен құттықтаймыз!
Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі. Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерексі қарсаңында«Дос болайық бәріміз!» атты кездесу кеші өтті. Студенттеріміз Зайнутдинов Абдарахман Юлдашович - өзбек қоғамының бірлестігінің өкілі мен және Ирина Генадьевна - орыс қоғамының бірлестігінің өкілі мен кездесу өтті. Кездесуге келген қонақтар қазақтың қонақжайлылығына алғыстарын білдіріп, жастарға достық, татулық жайында сөз қозғап, өз ақыл-кеңестерімен бөлісті.
«Балалары жылы» аясында облыс әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру мақсатында «WorldSkills Jambyl – 2022» облыстық чемпионаты өтті. Үш күнге жалғасақан білім жарысында студенттер автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету, графикалық-дизайн, веб-дизайн, электрмонтаж, наубайшы ісі сынды 17 мамандық бойынша, өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 100-ден аса студент бақтарын сынады. «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» құзыреттілігі бойынша АТ 18-1 тобының студенті Шайдарханов Бауыржан Ерланұлы, «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» құзыреттілігі бойынша СЗ18-2 тобының студенті Сахнов Роман Игоревич қатысып 3 орынға ие болды.