Басты бет - Жаңалықтар

Жаңалықтар

Жамбыл облысында “Кел, дос болайық!” Акциясы шеңберінде колледж білімгерлерімен кездесу өтті. Білім беру ұйымдарындағы жасөспірімдер арасында толеранттық, сыйластық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру мен өзара құрметтеуге, түсіністікке және бірін-бірі қолдауға баулу мақсатында ұйымдастырылды.

 

17.10.24ж Жамбыл облыстық “Анаға тағзым” отбасын қолдау орталығында “Қыздарга әсемдік жарасады” атты бұрымды қыздар байқауы өткізілді. Осыған орай, Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінің атынан 3 курс студенті Қазбек Амина жүлделі 2 орын алды.

Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінде -Ата-ананың бала өміріндегі рөлі, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы, міндеттері, жауапкершілігін арттыру мақсатында «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысын өткізілді000


10.10.24 ж.Тараз қалсында "Жастар арасында радикалды діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру,діни сауаттылық деңгейін арттыру,дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау" тақырыбында жастар арасында форум өтті.Форум қонағы Қожа Ахмет Иссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті теология факультетінің деканы,философия ғылымдарының докторы,профессор,дінтанушы -Кенжетаев Досай Тұрсынбайұлы.

08.10.2024 Тараз гуманитарлық техникалық колледжінің мұғалімдерімен Тараз қаласы ішкі істер бөлімінің қызметкерлері кездесу өткізді. Кездесуде соңғы уақытта көбейіп кеткен алаяқтық туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мұғалімдерді алаяқтықтан сақ болуға шақырды.

Кұрметті "Тараз гуманитарлық және техникалық колледжінің”устаздары, Сіздер жас ұрпақтын санасына сыналай енгізетін тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер - жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады -
дей отыра барлық ұстаздар қауымын кұттықтаймыз!🌷✨