Басты бет - Жаңалықтар

Жаңалықтар

Бүгін ата жолын жалғап келе жатқан асқақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің келіп жеткен мерекесі.

Осы орайда Тараз гуманитарлық техникалық колледжінің бір топ білімгерлері М.Әуезов кітапханасына барып,'Қарттарым- асыл қазынам" деген тақырыпта өткен іс-шараға қатысты.

Білімгерлер мерекеге арнайы шақырылған қонақтармен сұхбаттасып, сұрақтарын қойды.

Кітапхананың тұрақты оқырмандары: Заипова Майко апа, Қожамқұлов Қуантай аталар өмірден көрген,білгендерін әңгімелеп,жасұрпаққа салауатты өмір сүріп,ар,ұятын сақтап,абырой,беделге ие болу жолы, адал еңбек екенін айтты.

Ал,жалындаған жастар қарияларға ән айтып,өлең оқып берді.

Студенттер үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету - ата-бабадан келе жатқан қасиет-салт екенін біліп,әрдайым есте сақтап жүреді.

Ия,қарттары бар ел - қазыналы ел дегендей,өнегелі қарияларымыздың саналы ғұмыры колледж студенттерінің үлгі тұтар тұлғалары болып қала бермек.

Ендеше, көпті көрген асыл қарттарымыз бақытты күн кешіп, қай кезде де халқына - сүйеу, жұртына қамқор боп, жүздерінен қуаныш пен күлкі кетпей, балалары мен немерелерінің қызығып көріп, аман-сау күн кешкей.

Ал біз қолымыздағы алтынымыздың, еш байлыққа тең келмейтін асылдарымыздың қадірін біліп, олардың барына шүкіршілік етейік. "Атасыз үй - батасыз, ал анасыз үй - панасыз" дейді қазақ. Осы күйге түсуден сақтасын бізді!

Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінде студенттер арасында әлеуметтік желіліерде жасөспірімдердің өміріне қауіп төндіретін түрлі ойындардың балалардың денсаулығына әсері және нәтижесінде туындайтын аутодеструктивті мінез-құлық туралы түсіндірме жұмыстары мен тренинг өткізілді.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауын жариялады. Дәстүрлі түрде оқу жылының басында жарияланатын жолдау кезінде мемлекет басшысы экономика, денсаулық, білім жане тағы басқа салалар бойынша негізгі мәселелерге
тоқталып, дамудың басымды бағыттарын айқындады.

Білім күні 1 қыркүйекте барлық курстардың білім алушыларына «Адал адам - адал еңбек, адал табыс!» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Талқылауға арналған мәселелер білім алушыларды тұрақты оқытуға және өзін-өзі жетілдіруге ынталандыруға, еңбекқорлық пен патриотизмге ұмтылуға, рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамытуға, жауапкершілік пен өзара сыйластыққа бағытталған.

ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы "Ашық есік" күнін ұйымдастырды. Бұл шараға мекеменің жетекші сарапшысы- Шакирбаев Жұмахан және зертхана меңгерушісі -Хасенов Дәурен және колледждің 2 курс "Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандығының студенттері қатысты.

 

 

Біздің студенттеріміз (түлектеріміз) табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі №1 компанияның қайтарымсыз грантын ұтып ала алады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ білім беру гранттарын ұсынатын Murager әлеуметтік бағдарламасының басталғаны туралы хабарлайды. Бағдарлама талапкерлерді (11-сынып бітіретін мектеп түлектері), колледж түлектері 1,2,3 курс студенттерін қолдауға бағытталған. Техникалық мамандықтарға басымдық беріледі. Олардың тізімі және өзге де мәліметтер бағдарламаның ресми сайтында (https://murager.kazatomprom.kz) және @muragerprogramInstagram парақшасында жарияланған.

Murager бағдарламасы бойынша оқуды сәтті аяқтаған қатысушылар келесі оқу жылындада оқуын жалғастыруға мүмкіндік алады. Өтінімдер 2024 жылғы 14 тамызға дейін (Астана уақыты бойынша сағат 23.59-ға дейін) қабылданады.

 

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ-ДАН УНИВЕРСИТЕТТЕ БІР ЖЫЛДЫҚ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ?

 

Егер сіз бұл сұраққа «иә» деп жауап берген болсаңыз, онда тағы 2 сұраққа жауап беруіңізді сұраймыз…

 

  1. Сіз 1,2,3 курс студентісіз бе немесе мектеп, колледж түлегісізбе? Оқу грантын алып үлгермедіңізбе?
  2. Сіз техникалық мамандықта оқисыз ба немесе таңдағыңыз келе ме?

 

Егер сіз 2 сұраққа да «иә» деп жауап берсеңіз, онда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Murager бағдарламасы арқасында бір жылдық грантты қалай ұтып алуға болатынытуралы толығырақ біліңіз.

 

Барлық мәліметті жобаның ресми сайты https://murager.kazatomprom.kz/ru және бағдарламаның @muragerprogram Instagram парақшасынан біле аласыз.

 

Егер сіз Murager бағдарламасына қатысуға өзіңізді лайықпын деп есептесеңіз, сайтқа кіріп, бағдарламаға қатысуға өтініш беруіңізге болады. Мерзімі: 2024 жылғы 22 мамырдан 14 тамызға(Астана уақыты бойынша 23.59-ға) дейін.

 

Іріктеу турларының нәтижесі бағдарламаның сайты мен Instagram парақшасында жарияланады.