Адал ұрпақ атты семинар тренинг
Ағымдағы жылдың 15 қазан күні сағат 12.00 -де Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Тараз гуманитарлық технология колледжінде Адал ұрпақ атты семинар тренинг ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның мақсаты - Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, жастардың сыбайлас жемқорлық жайындағы білімдерін тереңдету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, белсенді азаматтық ұстанымды насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер амалдарын қолдануды меңгеру жайлы насихат жүргізілді.