Главная - Новости - Ата жолын жалғап келе жатқан асқақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің келіп жеткен мерекесі.

Ата жолын жалғап келе жатқан асқақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің келіп жеткен мерекесі.

Бүгін ата жолын жалғап келе жатқан асқақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің келіп жеткен мерекесі.

Осы орайда Тараз гуманитарлық техникалық колледжінің бір топ білімгерлері М.Әуезов кітапханасына барып,'Қарттарым- асыл қазынам" деген тақырыпта өткен іс-шараға қатысты.

Білімгерлер мерекеге арнайы шақырылған қонақтармен сұхбаттасып, сұрақтарын қойды.

Кітапхананың тұрақты оқырмандары: Заипова Майко апа, Қожамқұлов Қуантай аталар өмірден көрген,білгендерін әңгімелеп,жасұрпаққа салауатты өмір сүріп,ар,ұятын сақтап,абырой,беделге ие болу жолы, адал еңбек екенін айтты.

Ал,жалындаған жастар қарияларға ән айтып,өлең оқып берді.

Студенттер үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету - ата-бабадан келе жатқан қасиет-салт екенін біліп,әрдайым есте сақтап жүреді.

Ия,қарттары бар ел - қазыналы ел дегендей,өнегелі қарияларымыздың саналы ғұмыры колледж студенттерінің үлгі тұтар тұлғалары болып қала бермек.

Ендеше, көпті көрген асыл қарттарымыз бақытты күн кешіп, қай кезде де халқына - сүйеу, жұртына қамқор боп, жүздерінен қуаныш пен күлкі кетпей, балалары мен немерелерінің қызығып көріп, аман-сау күн кешкей.

Ал біз қолымыздағы алтынымыздың, еш байлыққа тең келмейтін асылдарымыздың қадірін біліп, олардың барына шүкіршілік етейік. "Атасыз үй - батасыз, ал анасыз үй - панасыз" дейді қазақ. Осы күйге түсуден сақтасын бізді!