"Ұлттың үш сөзін білесің бе?"
Тәрбиешілер бабалар сөзін жадына түйіп қайтты
ТГТК колледжінің НО-23-1 білімгерлері М. Әуезов атындағы рухани орда қызметкерлері ұйымдастырған
" Ұлттың үш сөзін білесің бе" деген тақырыптағы іс-шараға қатысты.
Бұл іс-шараның ерекшелігі қаламыздағы Анаға тағзым орталығында өткендігімен ғана емес, ақ кимешек киген ару аналарымыз бен орталық қызметкерлерінің тәлімді әңгімелерімен артық болды.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері , бастарына кимешек орап, ұлттық киім үлгісінде келген әжелермен салт-дәстүр, өнер, мәдениет жайында сұхбаттасып, пікір алмасты.
40 жыл білім саласында еңбек еткен Тоқсейітова Жаңыл мен бүгінде жеті немере тәрбиелеп отырған тамаша тағдыр иесі, он саусағынан өнері тамған тігінші, Рысбаева Күміскүл әжелердің өмір жолымен танысып, тәлімді әңгімелерін тыңдады .
Кездесу барысында қыздар әртүрлі сұрақтарын қойып, аруаналар тарапынан тұщымды жауаптарын алды.
Обал, сауап, ұят, ар, жамандық пен жақсылық жайында өрбіген әңменің болашақ тәрбиешілерге бергені көп болды.
Кездесу соңында Асыл ана ансамбілінің мүшелері, қос әнші ән салып, өздерін ерекше қырларымен танытып, жас ұрпаққа өрелі өнерін паш етті.
Осылайша, ұлттық ән әуенінің құдіретін сезіне алған жас тәрбиешілер асыл аналардың бойындағы көркем қасиеттеріне тәнті болып, тағлымды таным алып, бабалар сөзін жадына түйіп қайтты.
Орталықтағы тегін үйірмелердің бар екенін біліп, қызығушылық танытты.
Кітапханашылар ұсынған кітаптармен танысып, рухани тәлім алды.