31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Қазақстанда 1997 жылдан бері жыл сайын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды. Ал, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ 31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады.
Жалпы, зерттеушілер деректеріне сүйенсек, 1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 125 мыңнан бастам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Осы қуғын сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь болған. Қазақстанда ГУЛаг-тың 20-дан астам лагері орналасқан.
Тәуелсіздік жылдары аралығында 146,5 мың күнәсіз жазғырылған отандасымыздың аттары жазылған 14 «Аза кітабы» жарыққа шықты. Заңнамаға сәйкес, 340 мыңнан астам заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар ақталды.
Қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау шаралары әлі де жалғасады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еске алу күніне орай жасаған үндеуінде «Кеңес заманында өмір сүрген халықтарға «үлкен террордың» орасан зор қасірет әкелгені есімізде. Зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды», - деп тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырды.
Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мирамкул Жайсановнаның ұйымдастыруымен "Саяси қуғын сүргін құрбаны - Ахмет Байтұрсынұлына -150 жыл" тақырыбында тәрбе сағаты өткізілді. Сонымен қатар, Тараз қаласы М.Әуезов атындағы кітапханасының қызметкерлері ақынның кітап көрмесін ұйымдастырды.