Главная - Новости - Студенттерге арналған экскурсия

Студенттерге арналған экскурсия

Бірінші курс студенттеріне "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" сабағында 2-күндік экскурсия жүргізілді.
Бірінші күнде 1-ші курстар, әскери бөлімшеге  барып, сол жақтағы әскери құралдар мен солдаттар бөлмелері, асхана және әскери транспорттарды көріп, танысты.
Екінші күні, студенттер экскурсияны Жеңіс саябағындағы музейде жалғастырды. Бірінші қабаты дүниежүзілік тарихына, ал екінші қабаты Кеңес одағының батыры, жазушы және Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері Бауыржан Момышұлына арналған.