Главная - Новости - Мамандандырылған аккредиттеу өтті

Мамандандырылған аккредиттеу өтті

             Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі 2022 жылдың 23-24 мамырында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Дене тәрбиесі және спорт», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі», «Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өтті. Тәуелсіз Қазақстандық Аккредиттеу орталығының сыртқы сараптау тобының құрамы: Сыртқы сараптау тобының жетекшісі Есмаханова Улжан Алибаевна - «М.Маметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғарғы колледжі» МКҚК «Мектепке дейінгі педагогика» ПЦК төрағасы, ССТ сарапшысы  Бейсенбекова Гульжахан Токеновна «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» арнайы пәндер оқытушысы,  ССТ сарапшысы Маханов Елдос Усипбаевич - «Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі» МКҚК  «Дене тәрбиесі және спорт» арнайы пәндер оқытушысы, ССТ сарапшы-жұмыс берушісі Набатова Гаухар Туратбековна - “Әулие Ата Құрылыс Тараз" ЖШС   персонал жөніндегі менеджер директорының орынбасары, ССТ сарапшы-студенті  Алибоева Руза Алибойқызы «Тараз политехникалық колледжі» 4 курс білімгері. "Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі" білім беру ұйымының қызметін сырттай бағалау жөніндегі сараптамалық топ мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде білім беру ұйымының қызметі БҚҰК стандарттарына сәйкес келеді деп есептейді және Аккредиттеу Кеңесіне 5 жыл мерзімге "Тараз гуманитарлық-техникалық колледжін" аккредиттеу туралы шешім қабылдауды ұсынады.