Әлеуметтік желі – ақпарат алаңы һәм табыс көзі
Әлемде әлеуметтік желінің дәурені басталғалы қашан. Қолданушылар саны артқан сайын әлеуметтік желінің қызмет аясы кеңейіп, оны түрлі мақсатта пайдалану жолдары қалыптасуда. Бүгінде ақпарат тарату үдерісін толықтай меншіктеп алған желілердің жарнама таратуда да бәсі жоғары. Әсіресе Facebook пен Instagram-да бір пост жазып, қыруар қаражат қармап қалатындардың саны күн санап артып келеді.
Бүгін 27.04.2022 жылы, студенттеріміз Мұхтар Әуезов атындағы кітапханада блогер Арыстанбаева Назым Захарияқызымен кездесті. Кездесу мақсаты, жастарға бизнесті қалай бастау және жүргізу, инстаграмм желісін қалай дұрыс қолдану жайында ақпарат беру.